Кардиохирургия және трансплантология мамандары сирек кездесетін ауруы бар әйелді аман алып қалды

279

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.  

Кардиохирургия және трансплантология мамандары сирек кездесетін ауруы бар әйелді аман алып қалды Фото: ҚР ДСМ

Оң жақ қарыншаның қолқа фистуласын жоюды – кардиология және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығының кардиохирургтары – профессор Сейтхан Жошыбаевтың жетекшілігімен кардиохирургия педиатриялық бөлімшесінің меңгерушісі Икром Мұхамедов, кардиохирург Азамат Кенбаев, анестезиолог -  Зафар Розбаев, перфузиолог Алмаз Әлібеков жасады.

Айта кету керек, "аорто" оң қарыншалық фистула және ол сирек кездесетін ауру түрі. Онда аортаның көтерілетін бөлігі оң қарыншамен байланысады.

Жамбыл ауданының 40 жастағы тұрғыны бойынан ентігу, жүрек соғуының жиілігі, басы айналып, төменгі аяғының ісуін байқап, дәрігерлерге жүгінген. Ақ халатты абзал жандар пациентті қарай келе, бесінші жүктілік кезіндегі 22 апта ішінде жүкті әйелден туа біткен жүрек ауруы бар екендігін анықтаған. Бұл жүктіліктің ұзаруына абсолютті қарсы көрсеткіш болып есептелінеді.

Сондықтан да жүктілікті тоқтатып, жүрек ақауын хирургиялық емдеу үшін кардиология және трансплантология ғылыми-клиникалық орталығына жіберілген.

Диагностикалау барысында сол жақтағы екінші қабырға аралықта систолодиастолалық шу анықталған. Жүргізілген тексерулерден кейін: эхокардиография, контрастты жүрек және магистральдық тамырлардың КТ, аортография, КТҒКО мамандары – оң жақ коронарлық синус пен оң қарыншаның шығу жолы арасындағы байланысты растаған.

Көрсеткіштер бойынша шұғыл түрде жедел емдеу жүргізіліп, қолқа жағынан ақаудың аутоперикардты пластикасы және фистула ұлпасы резекцияланған оң қарыншаның шығу жолы жасалынған.

Операция сәтті өтіп, бүгінде пациент тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігердің бақылауымен үйіне шығарылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу