Кардиологиялық орталықтың тағдыры таласқа түсіп тұр

493

Шымкенттегі кардио орталықтың айналасындағы "айқай" уақыт өткен сайын ушығып барады.

Кардиологиялық орталықтың тағдыры таласқа түсіп тұр Фото: Otyrar

Көпшілік Шымшаһардағы медицина мекемесінің Астанадағы ұлттық кардиохирургия орталығының құрамына қосылуына қарсы.

Наразы топтың арасында науқастар мен медицина саласының ардагерлері де бар. Олар, "қала әкімдігінің меншігіндегі мекеме ұлттық орталықтың басқаруына берілсе, қарапайым халық үшін қолжетімсіз болып қала ма" -деп, алаңдайды.

Сонымен қатар, басқару механизмінің ауысуы жұмыс сапасына да әсер етеді деген болжам бар. Өйткені, осы мәселе көтерілгелі бері орталықтан білікті деген бірнеше дәрігер кетіп үлгерген. Осыған қамкөңіл топ мәселеге Президенттің өзі назар аударса дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу