Қарды уақытылы тазаламаған компанияларға 5 миллион теңге айыппұл салынды

272

Себебі, Қарағанды өңірінде жол апаты жиілеген.      

Қарды уақытылы тазаламаған компанияларға 5 миллион теңге айыппұл салынды Фото: Inbusiness.kz

Қарағанды облысында жолды уақытында тазаламағаны үшін жауапты компания басшылары мен лауазымды тұлғаларға 5 миллион теңге айыппұл салынды.

Өткен бір айда жолда 13 адам опат болды. Полицейлер жол учаскелерін тұрақты түрде тексеріп, бақылауды күшейтті. Мысалы, бір ғана "Екатеринбург-Алматы" тас жолында қауіпті 10 учаске анықталған. Соңғы 2 айда жолдың тазалығына жауапты 80-нен астам лауазымды және заңды тұлғаға айыппұл салынған. Оның ішінде 4 ауыл әкімі мен "ҚазАвтоЖол" мекемесінің басшылары да бар.

"ЖКО көп болуы себебінің бірі - осы жолдың дұрыс тазаланбауы. Міне, мысалы, мына жерде жол әлдеқайда кең тазартылуы тиіс. Техника тапшы, соның салдарынан дұрыс тазаланбаған. Сондықтан біз алдымен ескертіп, ары қарай кемшілік жойылмаса әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл салуға мәжбүр боламыз", - деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманғали Исмағұлов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу