"Карьердің кесірі": Ақтөбе тұрғындары жасыл желексіз қаламыз деп алаңдаулы

482

"Бауырластар-3" тұрғын үй алабының тұрғындары ауыл іргесіндегі карьердің жұмысына наразы.

"Карьердің кесірі": Ақтөбе тұрғындары жасыл желексіз қаламыз деп алаңдаулы Фото: inbusiness.kz

Тұрғындар ауыр жүк көліктері мен арнайы техника карьерді қазып, құм тиеп жатқанын бірер жыл бұрын байқағандарын айтады.

"Ауылымызда екі араны тек тас жол бөліп тұр. Карьердің аумағы үлкен. Бұлар ешкімге айтпай, үндемей қазып жатыр. Қазып-қазып ағаштарға жетті. Бұл жерде табиғатты қорғау мәселесі тұр. Қаза берсе, бақылау болмаса, ағаштар алқабының тамырына тисе, құрудың аз-ақ алдында тұр деп дабыл қағып отырмыз. Бұл жерден құм өндіруге рұқсат бермес бұрын ауыл тұрғындарымен ақылдаспай ма? Бұл біздің ауылдың территориясы болғаннан кейін халықпен санаспады, қоғамдық тыңдау да болған жоқ",- дейді "Бауырластар-3" алабының тұрғыны Нұртай Ыбыраимов.

Құрылыс мақсатында құм өндіріп жатқан компания өкілдері ауыл іргесіндегі жер аумағын 2011 жылы жалға алған. Келісімшарттың аяқталуына әлі 5 жыл бар.

Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, Сазды ауылы маңында жер қойнайын пайдаланушы үш компания жұмыс істеп жатыр. Олар құм, саз, қиыршық тас өндіреді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу