Қарғалы ауылында қыз баланы жәбірлеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

749

Әйел кішкентай қыздың қолын байлап, аузын тұмшалаған.

Қарғалы ауылында қыз баланы жәбірлеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы облысының полиция департаментіндегілер Қарғалы ауылында әйелдің кішкентай қыздың қолын байлап, аузын тұмшалаған видеосы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Тексеру кезінде видеодағы әйел 1999 жылы туған Т. есімді азаматша екені белгілі болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, келіншек қаршадай қызға оның ата-анасымен арадағы кикілжіңге байланысты зәбір көрсеткен.

"Бұл факт Жамбыл ауданы полиция бөліміндегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізбесіне Қылмыстық кодекстің 389-бабы бойынша тіркелді. Іс бойынша оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылады. Сонымен бірге, тиісті сараптама тексерулері тағайындалды", - дейді Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Еске салайық, бұған дейін Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желіде қыз баланы жәбірлеуші адамның көрші әйел екенін, қазір ауылдан бой жасырып отырғанын жазған.

"Көрші әйел ауылдан кетіп қалған, оны іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баламен мектеп психологі жұмыс істейді", - деп жазған Динара Зәкиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу