Қарғын судан зардап шеккендерге 100 млн теңге шамасында өтемақы берілді

Сондай-ақ, жаңа тұрғын үйлер құрылысы басталды.  

Қарғын судан зардап шеккендерге 100 млн теңге шамасында өтемақы берілді Фото: Валерий Бугаев

Павлодар облысында қарғын су бірнеше аудан тұрғындарына қиындық пен қолайсыздық тудырды. Дер кезінде қабылданған шаралардың нәтижесінде қауіптің беті көп ұзамай сейілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Сәуір айының алғашқы күндері Павлодар облысы еріген қар суы мен нөсер жаңбырдың салдарынан жиналған көп көлемдегі сумен "күресті". Облыс басшылығы бастаған мамандар аудан-ауылдарды аралап, қар суын сорып, төтенше жағдайға төтеп беруге тырысты.

Соған қарамастан, кейбір үйлерді су басып, аулаларға кірді. Оларға тиісті төлемдер берілді.

"Бюджеттен тыс демеушілік қаржы есебінен 120 отбасыға 98 млн теңге көлемінде өтемақы берілді. Біздің өңірде көп зақымданған, қайта қалпына келтіруге келмейтін 7 үй анықталды. Оның екеуінің орнына сол ауылдан бірден басқа баспаналар берілсе, қалған бес отбасыға жаңа үйлер салына бастады", - деп хабарлады Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы Дидар Ибраев.

Бұған дейін атап өткеніміздей, төтенше жағдай жарияланған жалғыз ауыл – Жалаулыда тұрғын үйлердің іргетасы қалана бастады. Әр үйді салуға демеушілердің есебінен 22 млн теңге қарастырылды. Жоспар бойынша, бұл баспаналар шілде айында қолданысқа беріледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу