Кариб теңізі аймағының елдеріне енді "Мария" дауылы жақындады

3465

Кариб теңізі аймағының елдеріне енді "Мария" дауылы жақындады

Қыркүйектің басында "Ирма" дауылы ойрандап өткен Кариб теңізі аймағының елдеріне енді "Мария" дауылы жақындады, деп хабарлайды 24.kz.

Дүлей желден төнген қауіп ең жоғары – бесінші деңгейге көтерілді. Ұйытқыған дауылдың екпіні сағатына 220 шақырымды құрап отыр. Қазір сұрапыл дауыл Доминикан елін басып өтіп, Пуэрто-Рико мен америкалық Виргин аралдарына жақындады. Қос мемлекеттің тұрғындары алапат дауылға дайындалып жатыр.

АҚШ президенті төтенше жағдай жариялады. Өйткені сұрапыл жел Доминикан елінде үйлер мен ғимараттарды бүлдіріп, нөсер жаңбыр әкелген. Ал осыдан екі апта бұрын соққан "Ирма" дауылынан Кариб теңізі аймағында 40 адам көз жұмды. Өңірдегі Барбуда аралында ғимараттардың 90%-ы бүлінді. Сен-Мартен аралында да үйлердің 70%-ы жермен жексен болды. Мамандар бұл соңғы 10 жылда Атлант мұхитында пайда болған ең алапат дауыл деп баға берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу