Кәрім Мәсімов әскери қызметшілерді мерекесімен құттықтады

1046

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов "Баянкөл" бөлімшесінің әскери қызметшілерін құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ведомствоның сайтына сілтеме жасап.   

Кәрім Мәсімов әскери қызметшілерді мерекесімен құттықтады

Комитеттің мәліметінше, 17 тамызда Шекарашылар күні қарсаңында ҰҚК төрағасы, ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты К.Мәсімов Алматы облысының "Баянкөл" Шекара бөлімшесінде болып, ведомствоның жеке құрамы мен ардагерлерін құттықтап, Отанның қасиетті шептерін күзету жөніндегі жауапты қызметте табыс тіледі.

"Мемлекеттік шекараны сенімді қорғауды және күзетуді қамтамасыз ету комитеттің маңызды міндеті болып табылады және ел басшылығының жіті назарында.

Жаңа қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерді ескере отырып, Шекара қызметін реформалау және Ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесіне интеграциялау жүргізілді", делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 1992 жылы Тәуелсіз Қазақстанның шекара қызметін құру туралы Жарлыққа қол қою қарсаңында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысындағы "Баянкөл" заставасында болды.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу