Мәсімов Лукашенкоға Назарбаевтың сәлемін жеткізді

961

Қазақстан мен Беларусьтың арнайы қызметтері ынтымақтастықты арттырып жатыр, еп хабарлайды Inbusiness.kz порталы БЕЛТА ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Мәсімов Лукашенкоға Назарбаевтың сәлемін жеткізді

Беларусь пен Қазақстанның арнайы қызметтерінің ынтымақтастығы туралы айта келе Александр Лукашенко бұл салада нәтижелі өзара іс-қимыл жолға қойылғанын атап өтті.

"Біздің төрағамен (Беларус МҚК басшысы) келісетін барлық істі біз орындаймыз. Біз Қазақстан үшін қажет жерде бірге жұмыс істейтін боламыз. Барлық елдер сияқты арнайы қызметтер желісі бойынша бізде қосымша байланыс арнасы орнатылып, ол бойынша керекті мәселелерді талқылап, шешімдер қабылдасақ жақсы болар еді", - дейді Александр Лукашенко.

Беларусь пен Қазақстан барлық салада дәстүрлі достық және тығыз қарым-қатынас орнатқан. Александр Лукашенко Душанбеде өткен ҰҚШҰ саммитінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуды талқылауға ниетті екенін атап өткен.

Өз кезегінде Кәрім Мәсімов Беларусь мемлекетінің басшысына кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс айтты. Ол Беларусь еліне сапар алдында Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болғанын айтты.

"Олар сізге үлкен сәлем жолдауды сұрады. Нұрсұлтан Әбішұлы "Менің ескі досыма үлкен сәлем айт" деді. Қасым-Жомарт Кемелұлы да 16 қыркүйекте Душанбеде өтетін ҰҚШҰ желісі бойынша, өзара іс-қимыл бойынша кездесу қарсаңында сіздермен талқылағым келетін тапсырмаларды берді. Менің ойымша, бізге талқылайтын көп шаруа бар, өйткені біз достас елдерміз, біздің мақсаттарымыз бен міндеттеріміз ортақ. Біз бір-бірімізге көмектесуіміз керек", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу