Кәрім Мәсімов ісі: шетелдік активтер іздестіріліп жатыр

541

Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша жүргізіліп жатыр. 

Кәрім Мәсімов ісі: шетелдік активтер іздестіріліп жатыр Фото: baq.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты ақша жымқыру мен пара алу туралы істі тергеуді жалғастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz Informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

"Кәрім Мәсімовтің мүлкі мен ақшалай қаражатына қатысты ҰҚК Қылмыстық кодекстің 218 ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жымқыру)") және 366 ("аса ірі мөлшерде пара алу") баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасын тапты. Тергеу аясында оның шетелдік активтерін іздеп, оларды қайтару шаралары қолға алынды", - деп хабарлады ҰҚК.

2023 жылдың сәуірінде Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Кәрімов Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасағаны, билікті күштеп басып алу әрекеті, билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тауып, оны 18 жылға бас бостандығынан айырды. ҰҚК-нің бұрынғы басшысынан және оның сенімді адамдарынан тәркіленген үкім бойынша 24 539 662 доллар және 50 мың еуро мемлекет кірісіне жатқызылуы тиіс.

2022 жылғы наурызда ҰҚК Кәрім Мәсімов жабық келісімшарт алғаны үшін шет мемлекет өкілдерінен 2 миллион доллар пара алғанын хабарлады. Бұл қаражат Гонконгтан Қазақстанның Ұлттық Банкіне қайтарылды. Сондай-ақ, Мәсімов премьер-министр лауазымында болған кезеңде елордада бизнес-құрылымдардың бірінен құны 2,5 млрд теңгеге жуық элиталық қонақ үй мен жер учаскесін алғаны хабарланды. Бұл үйде 17,2 миллион доллар қолма-қол ақша, сондай-ақ көптеген сәнді заттар — қымбат сағаттар, алтын құймалар, антиквариат тәркіленді. Сонымен қатар, Мәсімовке тиесілі 11 қымбат бизнес-класс автокөлігі тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу