Елордада Қазақстанның Жауынгерлік өнер қауымдастығының ІІ конгресі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шара барысында қауымдастық президенті Кәрім Мәсімов президент лауазымынан өз еркімен бас тартты. Сонымен қатар ол бұл лауазымға қауымдастықтың бірінші вице-президенті Әнуар Садықұловты ұсынды.
Қауымдастыққа мүше 22 федерация өкілдері оның кандидатурасын қолдап дауыс берді.
Өз кезегінде Әнуар Төлеуханұлы Кәрім Қажымханұлын ұйымның құрметті президенті ретінде ұсынды. Бұл ұсыныс та толық қолдау тапты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу