Кәрім Мәсімов пен Арман Жұмагелдиев екі айға қамалды

2031

 Ұлттық қауіпсіздік комитетін 5 жыл басқарып, қаңтардың 6-сы күні тұтқындалған Кәрім Мәсімов 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Кәрім Мәсімов пен Арман Жұмагелдиев екі айға қамалды

"Azattyq Rýhy" парталының хабарлауынша, қазір Кәрім Мәсімовке қатысты "Мемлекетке сатқындық жасау" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Есте болса, экс-төраға осыдан 5 күн бұрын ұсталған еді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мәсімовпен бірге тағы бірнеше адамның қамалғанын да хабарлаған болатын.

Сондай-ақ бүгін елге "Дикий Арман" атымен танымал Арман Жұмағалдиев те Нұр-Сұлтан сотының шешімімен 2 айға қамалды. Ол 7-ші қаңтарда кісенделді. 5 адамнан тұратын қылмыстық топ Алматыда өткен арнайы операция барысында қолға түскен. Күдіктілерді тінту кезінде суық қаруланғаны әшкере болды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Арман Жұмагелдиев былтыр желтоқсанда шетелден келген және 5-6 қаңтардағы оқиғалар кезінде Алматыда болған. Қазір жедел тергеу тобы оның келу мақсатын да тексеріп жатқан көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу