Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұраған

1824

Ол рақымшылық туралы өтінішін наурыз айында жолдаған. 

Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұраған Фото: kazlenta.kz

Мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталған Кәрім Мәсімов президенттен рақымшылық жасауды сұраған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты informburo.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ҰҚК мәліметінше, Мәсімов рақымшылық туралы өтінішін 2024 жылдың наурызында жолдаған. 

"Шынында да, осы мекемеден ол 2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы президентінің атына кешірім жасау туралы өтініш жолдады", – деп хабарлады ведомство.

Қазіргі таңда Кәрім Мәсімов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қаулысы негізінде Астанадағы ҰҚК тергеу изоляторында отыр.

Онда Мәсімовке қатысты қылмыстық кодекстің 218-бабы, 3-бөлігі, 3-тармағы ("Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату)") және 366-бабы, 4-бөлігі ("аса ірі мөлшерде пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу