Кәрім Мәсімов сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді

971

ҰҚК экс-басшысының сотталған орынбасарлары да осындай шағым түсірген.

Кәрім Мәсімов сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді Фото: google.com

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мемлекетке сатқындық жасағаны үшін сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы бастығы Кәрім Мәсімов апелляциялық шағым түсіргені туралы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz interfax.kz сілтеме жасап.

"ҰҚК бұрынғы төрағасы Мәсімов пен басқа адамдарға қатысты сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, аталған іс бойынша процеске қатысушылардан апелляциялық шағымдар түсті", - деп хабарлады сот.

Бұл іс "Аса құпия" белгісімен қаралғандықтан, басқа мәліметтер жария етуге жатпайды деп көрсетілген.

Еске салайық, осыған дейін сот Кәрім Мәсімовты 18 жылға бас бостандығынан айырып, оның мүлкін тәркілеу туралы үкім шығарғанын жазған болатынбыз.

ҰҚК бұрынғы төрағасының үш орынбасарына да үкім шықты. Садықұлов 16 жылға, Ерғожин 15 жылға, Өсіпов 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Іс сотта "аса құпия" белгісімен қаралған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу