Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды

1390

Бұл туралы ақпаратты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады. 

Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары, "А" арнайы қызметінің басшысы Әнуар Садықұлов та 6 шілдеге дейін қамауда отырады. ҰҚК төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожинді қамауда ұстау мерзімі 13 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұған дейін хабарланғандай, мемлекетке опасыздық жасады және билікті күшпен басып алуға бағытталған әрекеттер жасады деген күдікке ілінген ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов, арнайы жасақ қызметінің басшысы Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин қаңтарда тергеуге дейін қамауға алынды.  

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу