Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі сатылымға шығарылды

251

Аукцион 25 ақпанға жоспарланған.

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі сатылымға шығарылды Фото: ҰҚК

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Кәрім Мәсімовтің елордадағы зәулім үйін сатылымға шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания 25 ақпанда сағат 10:00-де E-Qazyna веб-платформасында электрондық сауда өткізілетінін хабарлады.

"Аукцион аясында Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданы, Ерейментау көшесі, 1-құрылыс мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй сатылымға қойылады. Нысан барлық қатысушылар үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық және бәсекеге қабілетті шарттарда жүзеге асырылады", – делінген хабарламада.

Жертөлесі бар тұрғын үйдің бастапқы бағасы: 1 883 338 958,00 теңге. Кепілдік жарна: 117 960 000,00 теңге.

Айта кету керек, осыған дейін ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу