Бұл Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасына қатысты қылмыстық іс ашық тергелмейді деген сөз. Сотқа дейінгі тергеу амалдарына қатысты барлық дерек жариялауға жатпайды.
Қаперге салайын, қаңтардың 6-сы күні ұсталған Мәсімов қылмыстық кодекстің 3 бірдей бабы бойынша күдікті деп танылған.
Отанына опасыздық жасау, билікті күштеп тартып алмақ болу және лауазымын асыра пайдалану. Кейінірек оның сыбайластары ретінде екі орынбасары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин де тұтқындалды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу