Карина Мамаш дипломат күйеуі ұрып жатқан жантүршігерлік видео жариялады

14287

Онда әйелдің бет-аузы көгеріп, мұрнынан қан сауғалаған сәттерін көруге болады. 

Карина Мамаш дипломат күйеуі ұрып жатқан жантүршігерлік видео жариялады Фото: бейнеден скриншот

Дубайдағы бұрынғы дипломаттың әйелі Карина Мамаш күйеуі ұрып жатқан сәттен видео жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сәкен Мамаш осыған дейін әйелінің айтқанын жоққа шығарып, әлеуметтік желіде үлгілі отағасы, бақытты жанұя екенін көрсеткісі келіп, біраз видео таратқан болатын. Алайда бүгін Карина Мамаш күйеуінен көрген қорлығын видеомен дәлелдеді.

"Осы сәтті есте сақтап қалатындай етейік", – деп видео түсірген ол.

Еске салсақ, Карина Мамаш күйеуінің ұрып-соғатынын айтқан мәлімдемесінен кейін Сәкен Мамаш Дубайдағы қызметінен елге қайтарылған. Елші кеңесшісінің үстінен "азаптау" бабы бойынша іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу