Карина Мамаш қорлық көрсеткен бұрынғы дипломат күйеуімен ажырасқанын айтты

633

К. Мамаш жаңалығын Instagram желісіндегі оқырмандарына айтты. 

Карина Мамаш қорлық көрсеткен бұрынғы дипломат күйеуімен ажырасқанын айтты Фото: Бек Темір

Күйеуінен азап көрген К. Мамаш Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісі Сәкен Мамашпен ресми түрде ажырасқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сондай-ақ, келіншек ұлының еміне 30 миллион еуро керек екенін мәлімдеді.

"Ұлымның тірек-қимыл аппаратында проблемалары бар. Аяғы ақсап, бүгіп жүреді. Үш жерге ота жасау керек", – деді Карина Мамаш.

Соңғы жайттардан кейін ол қатты қорқып қалғанын айтты. Дағдарыс орталығына көшкен сәттен бастап ұйқысы қашып, алғашқы 3 айда дұрыстап тамақ ішпеген.

"Түсімде жылап, айқайлап оянатынмын. Стрестен шошып қалдым. Демала алмай қалатынмын, ауа жетпейді. Кеуде тұсым адам төзгісіз ауыратын. "Балаларымды тастап кете алмаймын, олар менсіз қалай жүреді" деген бір ғана ой маза бермейтін”, – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу