Кәріпбек Күйіков ядролық қаруға қарсы онлайн петицияға қол қоюға шақырады

2768

Бүгінгі күні қол қоюшылардың саны әлемнің 100 елінен 312 мыңнан астам адамды құрайды.

 Кәріпбек Күйіков ядролық қаруға қарсы онлайн петицияға қол қоюға шақырады

ҚР СІМ-де Ә. Назарбаевтың бастамасы – АТОМ жобасына арналған пошталық марканы өшірудің салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шараға сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, "Қазпошта" АҚ әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Бауыржан Айнабеков, сондай-ақ АТОМ Жобасының құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков қатысты.

"АТОМ Жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жаһандық ядролық қарусыздандыру және қоғамдық дипломатия саласындағы маңызды бастамасы болып табылады. Бастама Астана қ. 2012 ж. 29 тамыздағы БҰҰ Ядролық сынақтарға қатысты іс-қимылдардың Халықаралық күнінде "Ядролық сынақтарға тыйым салудан – бейбітшілікке, ядролық қарудан еркіндікке" атты халықаралық конференциясында Елбасымен айтылған болатын", - деді шараға қатысқан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.

"АТОМ Жобасының сайтында ядросыз әлемді құру туралы ел көшбасшыларына талабы бар петиция орналастырылды. Бүгінгі күні қол қоюшылардың саны әлемнің 100 елінен 312 мыңнан астам адамды құрайды. Біздің бүгінгі мақсатымыз 1 миллион қол жинау. Егер сіздер бізге әлі де қосылмаған болсаңыз, онда сіздер оны кез-келген уақытта жасай аласыз. Әрбір ниет білдірген адам Жобаның www.theatomproject.org сайтындағы петицияға қол қоя алады және сол арқылы ядролық қарусыз әлемді құруға өз үлесін қоса алады", – деді АТОМ жобасының құрметті елшісі, әйгілі суретші Кәріпбек Күйіков.

АТОМ Жобасының "Жер бетіндегі өмір үшін" сериясынан пошталық маркасы 4 бояудағы он маркадан құралған маркалық парақ формасында, офсеттік баспада орындалған. Перфорациясы ирек тәрізді, тиражы – 20 000 дана.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу