Қария есірткімен ұсталды

745

Қария есірткімен ұсталды

Жамбыл облысында аса ірі көлемде есірткі тасымалдау дерегі тіркелді. Көліктегі ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, оқиға Шу мен Отар стансаларының аралығында болған.

Тәртіп сақшылары "Қызылорда-Семей" бағытындағы жолаушылар пойызын кезекті аралау кезінде қызметтік ит есірткінің иісін сезіп қойған. Тексеру барысында 9 келіге жуық гашиш табылды. Ал ұсталған азамат 62 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны болып шықты. Қазір ол қамаққа алынып, тергеу шаралары жүріп жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жалпы ағымдағы жылы көлік сақшыларымен 94 келіден жоғары әртүрлі есірткі заттары тәркіленіп алынды. Есірткінің заңсыз айналымының қатысты барлығы 106 факті тіркелген. Көрсетілген мерзім ішінде есірткі заттарының контрабандасына қатысты 5 факті, аса ірі көлемдегі есірткі заттарын тәркілеуге қатысты 22 факті анықталған", - деді ІІД басшысының баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу