Қариялар Алматы метросында тегін жүреді

1150

Қариялар Алматы метросында тегін жүреді

Қариялар Алматы метросында бір күн тегін жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Халықаралық қарттар күніне орай 26 қазанда зейнеткерлер метро қызметін 1 күнге тегін пайдаланатын болады. Қариялар зейнеткерлік құжаты мен жеке куәлігін алып жүруге тиіс. Бұл күні метро қызметін 2 мыңға жуық қарт пайдаланады деген болжам бар.

Қарттар күні 1991 жылдан бері 1 қазанда тойланып келеді. Айдың басында басталған мерекелік шаралар Алматыда жалғасын тауып келеді. Атап айтқанда, Қарттар күніне орай мерекелік концерттер, қайырымдылық шаралары өтіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу