Кәріз желілері қарыз және кредит есебінен жаңартылатын болды

411

2,8 мың шақырым су бұру және 5 мың шақырым су құбыры желілері жаңартылады.  

Кәріз желілері қарыз және кредит есебінен жаңартылатын болды Фото: canva

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Ұлттық жоба аясында 45 қалада кәріз тазарту құрылғылары жаңғыртылатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жалпы "Коммуналдық және энергетика секторларды жаңғырту" Ұлттық жобасы аясында 45 қалада кәріз тазарту құрылғылары жаңғыртылып, 2800 шақырым су бұру және 5 мың шақырым су құбыры желілері жаңартылады. Кәріз тазарту құрылғысы жобаларын іске асыру халықаралық қаржы институттарының қарыздары, облигациялық қарыздар, республикалық бюджет және бюджеттік кредиттеу сияқты түрлі қаржыландыру көздері есебінен жоспарланып отыр", – деді Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында.

Министр тарифтің өсуіне жол бермеу үшін қолданыстағы кәріз тазарту құрылғыларын жаңғырту қажет екенін баса айтты.

Айта кету керек, бұған дейін елдегі кәріз тазарту құрылғылары 65%-ға тозғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу