Кәріз қақпағын ұрлықтан қорғау мақсатында арнайы дабыл орнатылмақ

889

Егер кәріздік люктеррұқсатсыз ашылса, құрылғы полиция қызметіне хабар береді. 

Кәріз қақпағын ұрлықтан қорғау мақсатында арнайы дабыл орнатылмақ

Астананың кәріз қақпақтарын ұрылардан қорғау мақсатында арнайы датчиктер орнатылуы мүмкін. Бұл туралы "Astana Innovation" АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды elorda.info.

"Қалада кәріздік люктердің ұрлығына қатысты өткір мәселе бар. Өткір болатыны  көп ұрлағаннан емес, қуантатыны біздің полицейлеріміз ай сайын металл тапсыру нүктесін тауып, қылмыскерлерді анықтауда. Өткір болатыны, кәріз құдығының ашық жатуы қала тұрғындарының денсаулығына қауіп төндіреді", - деп жазды ол.

Сондай-ақ ол қазіргі күні бірқатар мамандар кәріздік люктерді заңсыз ашқан жағдайда полиция қызметіне хабар беретін арнайы құрылғы жасаумен айналысып жатқанын хабарлады.

"Құдықтың қақпағы заңсыз ашылған жағдайда, полицияның ақпараттық қызметіне хабар беретін арнайы құрал жасап жатыр. Сәйкесінше, полиция жедел бұзушыларды анықтап, шара қолдану мүмкіндігіне ие болады. Өздеріңіз білесіздер, қала басшылығы коммуналдық проблемаларды шешу процессін инновациялық алаңға айналдыруды тапсырды. Сол себепті, біз осы мәселеге қатысты көптеген ұсыныстар мен шешімермен танысқымыз келеді", - деп жазжы Олжас Сартаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу