Кәріз суы тазартылмайтын Таразда ауа ластанып жатыр

1002

"Тараз – кәріз суларын биологиялық тазартатын арнайы станциясы жоқ жалғыз облыс орталығы. Бұл өңірдегі елеулі экологиялық мәселеге айналды", – дейді сенатор Әбдәлі Нұралиев. 

Кәріз суы тазартылмайтын Таразда ауа ластанып жатыр

Оның айтуынша, қала халқының көбеюіне байланысты кәріз суының көлемі артып, оның барлығы Қостөбе атты ауыл маңындағы тұндырғыштарға жиналады. Ал тоғандарға кәріз суы жобалық қуаттан 1,5 есе көп түседі, сондықтан бұл сулар басқа облыстың аумағына таралып, қоршаған ортаны зиянды шығындылармен және иіспен ластауда. Зертханалық зерттеу нәтижесінде кәріз суларындағы қатты заттардың мөлшерінің рұқсат етілген нормасы 69 есеге, аммоний азоты 1,6 есеге, нитраттардың 2,4 есеге артқаны анықталды. Осылайша, бүгінде ауылдық жерлерде қалыптасқан экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрғындар арасында орынды наразылық туғызып отыр.

"Қазіргі таңда, көтеріліп отырған мәселенің өзектілігін ескере отырып, қалалық кәріз суларды тазалау кешенін салу жобасының ТЭН дайындалып "Мемлекеттік сараптама" РМК-ның қарауына ұсынылғанымен қабылданған мараторияға сәйкес жоба тоқтап тұр. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, елді мекендерде адам өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету мақсатында, Тараз қаласындағы кәріз суларды тазалау кешенін салу жобасының іске асырылуына қолдау көрсетіп, республикалық бюджеттен қаржыландыру мәселесіне ықпал етуіңізді сұраймыз", – деді депутат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу