Қарқаралы ауданында биыл 50,8 шақырым жол мен екі көпір жөнделді

852

Қарқаралы ауданында биыл 50,8 шақырым жол мен екі көпір жөнделді

Бұл мақсаттарға 1327,12 млн. теңге бөлінді, деп мәлім етті облыс әкімдігінің ресми ақпарат порталы.

"Жалпы сомасы 490,9 млн теңгеге республикалық маңызы бар "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" жолына жөндеу жұмыстары жүргізілді", – деп мәлім етті Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтов. –Облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге 478,5 млн теңге бөлінді. "Қарағанды-Аягөз-Қоянды-Егіндібұлақ-Бүркітті" тас жолындағы Талды өзеніндегі және Байқожа өзені арқылы өтетін екі көпір қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді".

Сондай-ақ Халел Мақсұтовтың сөзінше, аудандық жолдарды жөндеуге 363,7 млн теңге жұмсалған. Бұл қаржыға "Қарқаралы-Қ.Аманжолов" жолына, Қарқаралыдағы Әубәкіров көшесіне және Қарағайлы ауылының үш көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Аудандық маңызы бар жолдардағы 8 суағар қалпына келтірілген.

Аудан бойынша автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 1118 шақырым. Оның ішінде 165 шақырымы – республикалық, 311 – облыстық және 632,4 шақырымы – аудандық жол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу