"Қазақ еліне +1 бизон! Сіздерге керемет жаңалық жеткізгелі отырмын! Біздің Қарқаралы мемлекеттік табиғи паркінде жартылай еркіндіктегі ана бизон төлдеді. Енді бізде олар 5-еу", – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Ал өткен жылы туған төлді Сәкен Ділдахмет "Барселона" деп атаған екен.
Оның хабарлауынша, бұл бизондар "Табиғат музейіне" "қойылған", яғни паркке келушілер жабайы жануарларды тамашалай алады. Олар белгіленген аумақта еркін жайылып жүреді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу