Қарқаралы орманы отқа оранды

1553

Қазіргі уақытта тілсіз жаудан келген шығын анықталып жатыр.   

Қарқаралы орманы отқа оранды

Қарқаралы ауданы Нүркен селолық округінің далалы аймағында тілсіз жау тұтанған. Таңертең  сағат 11-лер шамасында тұтанған өрт 3500 гектар жерді шарпып үлгерген.  Сонымен қатар өрт Қарқаралы табиғи ұлттық паркінің орманына жетіп,  бұл жерде 23 гектар жер отқа оранған. Төтенше жағдайлар қызметінің 130 маманы 25 техникамен кешкі сағат сегізде өртті сөндірген . Өрт сөндірушілерге ауыл тұрғындары да көмекке келген. Орман алқабыың өртін өшіру оңай болмағандықтан,  бір тікұшақ пайдаланылған.  

"Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің және Қарқаралы табиғи ұлттық паркінің мамандарымен қоса еріктілер қатысты. Өрт кешкі  сағат 20.10 -да  толық сөндірілді",- деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Еске сала кетсек, дәл осыдан бір жыл бұрын Қарқаралы орманы тағы өртенген еді.  Сол кезде өрттің аумағы 3700 гектар болып, оның ішінде 1900 гектар жер орманды алқап болды.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу