Қарқаралы ұлттық табиғи паркіндегі өрт өршіп барады

1986

Жалын шарпыған аумақ 2500 гектарға жетті. 

Қарқаралы ұлттық табиғи паркіндегі өрт өршіп барады

Қарағанды облысындағы Қарқаралы ұлттық табиғи парк аумағындағы өрт өршіп барады. Жалын шарпыған аумақ 2500 гектарға жетті. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Комитеттің хабарлауынша өрт жайылған 2500 гектардың 700 гектары орманды алқап, 300 гектары таулы бөлігінде.  

Қазір Қарқаралы ауданы әкімдігі төтенше жағдай режимін енгізді.

Күш алып бара жатқан тілсіз жаудың бетін қайтаруға жер жағдайы мен қалың түтін кедергі болып отыр. Өртті сөндіруге тікұшақ та тартылған.

ТЖД хабарлағандай, Ұлттық гвардияның 52859 әскери бөлімінен 85 адамнан құралған қосымша күш жіберіледі.

Бұл өрт аптаның басында, дүйсенбі күні басталған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу