Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында 1876 жылы салынған бір қабатты ағаш үй өртенді.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 1 сәуірде сағат 18:25-те Қарқаралыдағы Бөкейханов көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бір қабатты ғимаратында (толығымен ағаш қаңқадан жасалған) ғимараттың төбесі, қалқалары, терезе және есік блоктары, сонымен қатар жалпы алаңы 200 шаршы метр жиһаздар мен кеңсе жабдықтары өртеніп кеткен және 85 шаршы метр болатын төбесі құлаған.
Өрт сағат 21:07-де сөндірілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу