Қарқаралыда 200-ге жуық бұлақтың көзі ашылды

3268

Әр көктемде өткізіліп тұратын тағылымды шараға ауыл ақсақалдары, жастар жаппай қатысты. 

Қарқаралыда 200-ге жуық бұлақтың көзі ашылды

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Қарағанды облысының Қарқаралы қаласында 200-ге жуық бұлақтың көзі ашылды, деп хабарлайды 24.kz.

Мамандардың айтуынша, Қарқаралыдағы 112 мың гектар аумақты алып жатқан ну орманда өсімдіктің 700-ден астам түрі өседі екен және аң-құстың 190 түрі мекендейді.

"Мақсатымыз – табиғаттың осы байлығын сақтап қалу", – дейді жергілікті жұрт.

Соңғы жылдары игі жұмысқа ерікті түрде қатысатын белсенді жастардың қатары артып келеді. Биыл да мектеп оқушылары бір кісідей орманға бет түзеп, құстың ұясын орнатты, қыстан қалған күл-қоқысты жинады. Сонымен қатар, орманның санитары саналатын құмырсқаның илеуін қоршауға алып, маңайын тазалады.

"Әз-Наурызымыз келді. Осыған байланысты қазақта көптеген жоралғылар бар. Соның бірі – бұлақтың көзін ашу. Бұлақтан бүкіл тіршілік нәр алады ғой. Үлкендер келешек жастарға үлгі болу үшін осы дәстүрді жалғастырып келеміз",– деді Қарқаралы қаласының тұрғыны Тілек Сәдуақасов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу