Қарқаралыда қысқы туризмді дамыту қолға алынды

1827

Думан Бейсенаев Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат паркінен 5 жылға жалға жер алып, шаңғы базасын ашты.

Қарқаралыда қысқы туризмді дамыту қолға алынды

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында қысқы туризмді дамыту қолға алынды, деп хабарлайды 24.kz.

"Осылайша табиғаты көркем, қысы ұзақ келетін бұл таулы өлкеде туристерді жыл он екі ай үзбей қабылдауға әбден болады", – дейді мамандар.

Осыған орай, кәсіп ашамын деген азаматтарға ұлттық табиғат паркі ұзақ және қысқа мерзімге жалға жер беріп жатыр. Бастама жаман емес. Алғашқы ашылған шаңғы тебу алаңы қазір сәтті жұмыс істеп тұр.

Думан Бейсенаев шаңғыдан әуесқойлар арасында халықаралық жарыстарға қатысып, талай мәрте жүлделі болған. Жанына жақын кәсіпті табыс көзіне айналдыру үшін жуырда ол Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғат паркінен 5 жылға жалға жер алып, шаңғы базасын ашты. Мұнда туристер мен жергілікті тұрғындар кез келген уақытта келіп, тыныға алады. Ал келешекте жас кәсіпкер бұл алаңда үлкен шаңғы жарыстарын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу