Қарқаралыдағы өрт: елді мекенге қауіп төнген жоқ

403

Өртті оқшаулау және жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қарқаралыдағы өрт: елді мекенге қауіп төнген жоқ Фото: Бейнежазбадан

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында Жаңатоғaн ауылы маңында құрғақ шөп жанып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өртті сөндіру жұмыстары қатты желдің екпініне, сондай-ақ таулы жер бедеріне байланысты қиындап отыр. Бұл жекелеген өрт ошақтарына жетуді қиындатып, өрттің одан әрі таралу қаупін туындатып отыр.

Қазіргі уақытта елді мекенді қорғау және өрттің ауылға қарай таралуына жол бермеу мақсатында ТЖМ мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Өртті оқшаулау және жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, жағдайға тұрақты мониторинг жасалып отыр. Өрт орнына ТЖД-ның қосымша күштері мен құралдары жіберілді.

Облыстың Төтенше жағдайлар департаментінде жұмылдырылған күштер мен құралдардың іс-қимылын үйлестіретін жедел штаб құрылды.

Қазіргі уақытта елді мекенге өрттің таралуына жол берілген жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу