Карл III таққа отыру рәсіміне 125 миллион доллар жұмсалады

509

Мерекелік іс-шаралар үш күнге созылады. 

Карл III таққа отыру рәсіміне 125 миллион доллар жұмсалады Фото: АР

Британдық Король Чарльз III-тің таққа отыру рәсіміне 50-100 млн фунт стерлинг (63-125 млн доллар) жұмсалады, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC сілтемесімен.

Карл III таққа отыру рәсімі 6 мамырда өтеді және шамамен 2 мың VIP қонақтарды жинайды (Елизавета II таққа отыру рәсімінде аса құрметті қонақтар саны төрт есе көп болған). Мерекелік іс-шаралар үш күнге созылады. 8 мамыр демалыс күні ретінде жарияланып, жұлдыздар қатысуымен мерекелік концерт беріледі.

"Монархтың өзі салыстырмалы түрде қысқа әрі арзан рәсім өткізуді қалады. Оның таққа отыруы шамамен бір сағатқа созылады. Елизавета II кезінде мұндай рәсім бірнеше сағат уақыт алды", - делінген хабарламада.

UK hospitality салалық ұйымының хабарлауынша, британдық барлар, мейрамханалар мен қонақүйлер таққа отыру рәсімінің арқасында 350 миллион фунт стерлинг табыс табады деп күтілуде. 

CNBC бағалауы бойынша, бүгінгі баға нарығын ескерсек, 1953 жылы Елизавета II -ның таққа отыруы рәсімі британдық қазынаға 50 млн фунт салмақ салды, ал 1937 жылы Джордж VI ұлықтауға 24,8 миллион фунт стерлингті жұмсалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу