Қарлы аумақтағы науқасты Өскеменге тікұшақпен жеткізді

396

Дәрігерлер науқасқа алғашқы көмек көрсетіп жатыр.

Қарлы аумақтағы науқасты Өскеменге тікұшақпен жеткізді Фото: Облыс әкімдігінен

Төсқайың ауылынында тұратын 72 жастағы науқас тікұшақпен облыс орталығына жеткізілді. Марқакөл өңірі қар құрсауында қалғандықтан ауыр халде жатқан қарияға дәрігерлер де жете алмаған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Дәл қазір қария облыс орталығына жеткізілді. Науқасқа маман дәрігерлердің алғашқы көмегі көрсетіліп жатыр.

"Біздің алдымызға науқасты Өскеменге аман-есен жеткізу мақсаты қойылған болатын. Бұл үшін өзімізбен бірге барлық керек-жарағымызды алып шықтық. Жалпы, мұндай іссапарларға арагідік шығып тұрамыз. Алайда, бүгінгі жағдайдың орны бөлек. Себебі, бұған дейін біз негізінен аудан орталықтарына барып, науқастарды сол жақтан тасымалдасақ, бұл жолы шалғайдағы ауылға баруға тура келді. Науқас өткен сенбіден бері ауыр халде жатыр. Диагнозы: артериалдық гипертензия және қан айналымының ишемиялық бұзылуы. Алғашқы күннен бастап жергілікті дәрігермен телефон арқылы сөйлесіп, ақыл-кеңесімізді беріп отырдық. Дәл қазір науқастың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты деуге болады. Гемодинамикалық көрсеткіштері бірқалыпты, қан қысымы, сатурациясы мен тынысы ойдағыдай. Демек, науқасты тікұшақпен тасымалдауға еш кедергі жоқ", – деді №4 қалалық ауруханадағы реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Рим Меңдібаев.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Төсқайың ауылының 72 жастағы тұрғыны ишемиялық инсульт алғанын айтып, көмек сұраған болатын. Алайда қардың қалыңдығы мен қатты боранның кесірінен аталған өңірге көлік жүре алмаған, тікұшақтың ұшуына да уақытша тиым салыныпты.

Бүгін Марқакөл өңірінде аталған жағдайға байланысты төтенше жағдай жарияланған болатын

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу