Қазақстанның солтүстік аймақтарында қарлы боран салдарынан 30-ға жуық ғимараттың шатырын жұлынған. Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов айтты, деп хабарлайды Интерфакс.
Ақмола облысы мен Астанада осындай 14 жағдай орын алса, Павлодар облысында – 11, Қарағанды облысында 5 жағдай тіркелген.
"Біздегі мәлімет бойынша әзірге зардап шеккендер жоқ, жарақат пункттерінен алынған мәлімет бойынша кешке дейін ақпарат берілуі мүмкін", - дейді ол.
Бұдан өзге өткен тәулікте әр жерде электр жарығы да сөнген болатын. Қазір олар қалпына келтірілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу