Қармақшы ауданында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

498

Алдағы жылы облыста 21 медициналық объекті салу жоспарланып отыр.

Қармақшы ауданында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Дүр Оңғар ауылында 2 мыңға жуық ауыл тұрғынына қызмет көрсететін жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, Ұлттық жобаның шеңберінде Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандарының көпбейіндіорталық ауруханаларының жанынан қосымша ғимараттардың құрылысы басталады.

Ауылдарда 9 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік-акушерлік пост салынады, жергілікті бюджет қаражатының есебінен Арал ауданының "Қамқорлық" оңалту орталығы, Жаңақорған ауданының Томенарық ауылындағы ауылдық аурухана салынбақ.

Қазіргі уақытта 9 медициналық объектіге күрделі жөндеу жүргізілуде, 5 объектініңжылу желілері газға ауыстырылды.

Сондай-ақ, облыстық психикалық денсаулық және өкпе аурулары орталықтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, облыстық инфекциялық аурулар ауруханасын жаңарту жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу