Ведомство хабарлауынша, Украинаның Әуе қорғанысы жүйесі атып түсірген зымыран Украинамен шекарада орналасқан Наславча елді мекенінің солтүстік шетіне құлағанын атап өтті.
Зардап шеккендер тіркелген жоқ, бірақ бірнеше үйдің терезелері сынған.
Ведомство Украина билігінің мәліметі бойынша, ресейліктер Наславча су электр станциясынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан Украина аумағындағы Днестр су электр станциясына шабуыл жасағанын хабарлады. Су тасқыны қаупі жоқ.
"ІІМ күштері халыққа зардабы тимес үшін зымыранның құлау аймағын қоршады, құжаттау тобы сол жерде жұмыс істейді", - делінген хабарламада.
Nord News порталы сайтта бақылау камерасы түсірген бейнені жариялады. Журналистердің айтуынша, ресейлік зымыран құлаған сәт видеоға түсірілген.
Бұған дейін украиналық Әуе қорғанысы Ресей атқан 50 зымыранның 44-ін атып түсіргені хабарланған болатын.
Киевте, қала басшысы Виталий Кличконың айтуынша,су құбырларының 80%-ына зақым келіп, 350 мың үйде су тоқтаған. Киев билігі шұғыл түрде электр қуатын өшірді, алдағы уақытта жарық пен жылу толық өшірілуі мүмкін.