Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Нұрсұлтановпен америкалық Лэнни Дардар жұдырықтасты. Қазақстандық боксшы осымен үшінші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Жекпе-жек форматы - 6 раунд еді.
Айта кетейік, жекпе-жек Лос-Анджелесте мексикалық Сауль "Канело" Альварестің мүддесін қорғайтын промоутер Оскар Де Ла Хойя ұйымдастырған бокс кешінің аясында өтті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу