"Қарсымын": Нұрлан имам қара жамылып жүретіндерді сынады

548

"Қазір кейбір жастар арабтардың қолын, аяғын сүйіп жүр".

"Қарсымын": Нұрлан имам қара жамылып жүретіндерді сынады Фото: Бейнежазбадан

Әлеуметтік желі арқылы жастарға дінни бағыт-бағдар беріп отырған имам, теолог Нұрлан Байжігітұлы қара жамылып жүретіндерді сынады. Бұл туралы ол Qasqa Jol бағдарламасында берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Дін өкілі жастарға арабты емес, елін, жерін сүюді нәсихаттады.

"Қазақ ілеспе халықпыз. Еріп кете береміз. Әсіресе, қиналған сәтте біреу бізге келіп, бағыт-бағдар берсе, соның айтқанымен жүріп кетеміз. Ата-бабаларымыздың күнделікті өмірі диалектімізге, сүйегімізге сіңіп кеткен. "Әліпті таяқ деп танымайды" деген сөз де солардан келген. Бұл – біздің болмыс. Араб болып кеткен жоқ. Киімімен, шекпенімен, елді-жерді сақтап қалды. Ұлтқа, елге деген махаббат бір жерге жиналып тұрды. Дін руханияттанып тұрды. Бұрылып, арабты сүй деген жоқ. Қазір кейбір жастар арабтардың қолын, аяғын сүйіп жүр. Еліңді сүй, жеріңді сүй, даланың жусанын сүй, сол артығырақ", – деп күйінді имам.

Сондай-ақ, дін маманы қоғамда белең алып жатқан әйелдердің қара түсті киіміне шүйлікті.

"Білесіз бе, ТМД елдерінің ішінде біздің мемлекет қана қыз-келіншектерге орамалмен төлқұжатқа түсуге рұқсат берген. Бұл – Конституциялық құқығын еркін қорғаған мемлекет деген сөз. Біздің елде қара киінгендерді жүргізбек түгілі, құшақтап жатқызса да, қабылдамаймыз. Мен өзім Қазақстанның азаматы ретінде қабылдамаймын. Қара киінуге қарсымын. Біз – зайырлы мемлекетпіз, Ислам мемлекеті емеспіз", – деп сынады Нұрлан Байжігітұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу