Қарт анасын қорлаған Астана тұрғыны қамауға алынды

594

Оның ар-намысын қорлап, сол арқылы психологиялық зорлық-зомбылық көрсете бастағаны анықталды. 

Қарт анасын қорлаған Астана тұрғыны қамауға алынды  Фото: gov.kz

Қарт анасын қорлаған астаналық тұрғын қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

81 жастағы ана полицияға  55 жастағы ұлы үйде жанжал шығарып, оны қорлаған және кемсіткенін айтып хабарласқан.

"Астаналық тұрғын үйге мас күйінде келіп, үйде жанжал шығарып, анасына қатысты балағат сөздер айтып, оның ар-намысын қорлап, сол арқылы психологиялық зорлық-зомбылық көрсете бастағаны анықталды.

Аталған дерек бойынша Сарыарқа ауданы ПБ учаскелік инспекторы Ернар Әбдірашев құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - делінген полиция хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 26-28 сәуірі аралығында елорда аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Оның аясында елордалық полицейлер қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мақсатында әрбір учаскені барынша пысықтауды жүргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу