Қарт ата-аналарын жіберуді жоспарлаған: қажылыққа жіберемін деген ер адам 7,4 млн теңге жымқырған

106

Елордада азаматтардың діни сезімдерін пайдаланған ер адам сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарт ата-аналарын жіберуді жоспарлаған: қажылыққа жіберемін деген ер адам 7,4 млн теңге жымқырған Фото: canva

Ол өзін қажылық сапарын ұйымдастырушы ретінде көрсетіп, жалған әуе билеттері мен қонақүйлер үшін азаматтардың 7,4 млн теңгеден астам қаражатын алдап иемденген.

"Алаяқтың құрбаны еліміздің әр өңірінен 17 адам болды, олардың арасында қарт ата-аналарын умраға жіберуді жоспарлаған отбасылар да бар. Сотталушы ірі көлемдегі алаяқтық жасағанын мойындап, жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеді. Сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді, – делінген хабарламада. 

Прокуратура қажылыққа байланысты қызметтерді алу үшін лицензиясы бар туристік агенттіктерге жүгіну қажет екенін ескертеді. Ақшаны тексерілмеген тұлғаларға, тіпті өздерін қажылық ұйымдастырушысы ретінде таныстырған адамдарға аудару алаяқтарға тап болу қаупін тудырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу