Бұл картоп бағасын тұрақтандыруға бағытталған әрекеттерге қайшы келеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Жалпы ел бойынша картоп бағасының теріс серпініне қарамастан, Қазақстанның 7 қаласында – Алматы, Қостанай, Орал, Павлодар, Петропавл, Түркістан, Қонаевта – өсімді тоқтатуға мүмкіндік туды. Мұнда тұтыну бағасының индексі 0-ге тең.
Дегенмен, жағымсыз ерекшеліктер де бар. Мысалы, Астанада бір апта ішінде картоптың бағасы бірден 11,1%-ға өсті. Келесі өңірлерде де айтарлықтай қымбаттады:
- Атырауда (7,1%-ға)
- Ақтөбеде (5,3%-ға)
- Жезқазған (5,7%)
- Тараз (4,3%)
- Талдықорған (3,1%).
Жалпы, 4 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда картоп жыл басынан бері 17,8%-ға, ал бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 61,8%-ға өскен.
Сарапшылардың пікірінше, өнім бағасының күрт көтерілуінің себептерінің бірі экспортты бақылаудың жоқтығы.
Бұл ретте, Еnergyprom мониторинг агенттігінің сарапшылары 2024 жылы картоп экспортының ең көп көлемі қаңтардан сәуірге дейін және қыркүйектен қарашаға дейін болғанын есептеді.