Картоп егістігінің аумағы 2,5 есеге азайды

437

Қостанай облысында биыл картоп егістігінің аумағы екі жарым есеге азайды. 

Картоп егістігінің аумағы 2,5 есеге азайды Фото: aikyn.kz

Былтыр 10 мың гектардан астам алқапқа картоп егілсе, биыл 3 мың 800 гектар. Шағын шаруашылықтар картоп отырғызудан бас тартты. Өйткені, былтыр елімізде бұл өнім артығымен өндіріліп, бағасы арзандап, пайдаға кенелмей, шығынға батқан. Енді қыста картопқа тапшылық туындап, құны тағы да 400 теңгеге шарықтамасына еш кепілдік жоқ. Бағаның құбылуына елдегі инфлияциямен қоса, көкөніс өсірудің мемлекеттік реттеу механизмінің жоқтығы да әсер етіп тұр, - дейді диқандар.

2021-ші жылы пияз - тұтынушылар сұранысынан тым артық жиналды. Сол жылы шаруалар өнімін арзанға берген не өткізе алмаған. Осыған орай 2022-шы жылдың көктемінде көбісі жуа егуден бас тартты. Есесіне биыл қыста пияздың бағасы 2 есеге шарықтады. Көкөніс егуді мемлекет реттеп, жоспар бекітпейінше нарықта баға тұрақсыздығы сақталады,  - дейді тәжірбиелі мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу