8,2 мың тонна экспортталса, 38,7 мың тонна сырттан кіргізілген, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме беріп.
Бұрын экспорт әрқашан импорттан асып түсетін. Мысалы, 2021 жылы тиісті кезеңде экспорт 71,4 мың тоннаны құрады, ал импорт – 52,4 мың тонна. Айырмашылығы – 36,3%. 2020 жылы экспорт 151,8 мың тоннаға жетті, 19,7 мың тонна ғана импортталды (айырмашылық – 7,7 есе).
Сөйте тұра биыл да елде картоп өнімі былтырғыдан артық болады деп болжанып отыр. Ішкі нарыққа екі млн тонна қажетті. Шамамен, 300 мың тонна артық қалады. Артылған өнім толығымен экспортқа шығарылмақ. Фермерлер қоймадан тіпті бір кг өнімді 80 теңгеден жібере алады.