Картоп күрт қымбаттап кетті: Министрлік мәлімдеме жасады

227

Аймақтардың тұрақтандыру қорларында жинақталған картопты сату жалғасуда. 

Картоп күрт қымбаттап кетті: Министрлік мәлімдеме жасады Фото: Жаңа кезең

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар өнім саналатын картопқа қатысты 49 заңбұзушылық анықталған.

Анықталған барлық дерек бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданатыны айтылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сауда министрлігінің ірі сауда желілерімен өткізген кездесулерінің нәтижесінде бүгінде Астанадағы картоптың орташа бағасы 280-185 теңгеге дейін төмендеді. Сауда комитетінің мониторингі бойынша бүгінде Қазақстан бойынша картоптың орташа бағасы – 322 теңге. Елдің барлық аймағында картоптың көлемі жеткілікті және нарықтағы бағадан төмен сатылып жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, 2024 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы 19 қаңтарға дейін жалпы көлемі 85,4 мың тонна картоптың 23,6 мың тоннасы сатылған.

Кейінгі 3 күнде шамамен 3 мың тонна картоп сатылды, оның ішінде Алматы қаласында 300 тонна, Шымкентте 600 тонна, Түркістан облысында 300 тонна және т.б.

"Бүгінгі күні тұрақтандыру қорларында 62 мың тонна картоп бар", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу