Алматы облысына картоп жинау көрсеткішін 800 мың тоннаға дейін өсіру көзделген, деп хабарлайды ortcom.kz.
"2020 жылға қарай картоптың егіс алқабы 4,5 мың гектарды құрайтын болады, жоғары сұрыпты картоптың 135 мың тонна тұқымдық материалы алынып, барлық қалған алқаптарға себіледі", – деп мәлімдеді Алматы облысының әкімі Амандық Баталов
Сонымен қатар, Кеген және Райымбек аудандарында картоптың элиталық сұрпы 100 гектарға егілді, 2 сервистік дайындау орталығы құрылып, оларға 21 бірлік техника сатып алынғанын да атап өтті.
Картоптың жалпы жиынын 722 мың тоннадан 800 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған, бұл алдағы уақытта іске қосылатын "Фармфритц" картоп өңдеу зауытын шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.