Картоп пен сәбізді елден шығаруға қойылған шектеу алынып тасталды

1002

Бұған дейін әлеуметтік маңызы бар сауда-саттық тауарларының бағасын ырықтандыру мақсатында шектеу қойылған болатын. 

Картоп пен сәбізді елден шығаруға қойылған шектеу алынып тасталды

2022 жылдың 22 ақпанынан бастап, Қазақстан Республикасының аумағынан картоп пен сәбізді алып шығуға шектеу алынып тасталды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп жазды inbusiness.kz.

Еске сала кетсек, 2022 жылдың 22 қаңтарынан бастап әлеуметтік маңызы бар сауда-саттық тауарларының бағасын ырықтандыру мақсатында картоп пен сәбізді сыртқа алып кетуге шектеу қойылған болатын. 

"2022 жылғы 28 қаңтарда өткен сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарда қатысу мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы аумағынан картопты және сәбізді әкетуге қолданыстағы тыйым салуды алып тастау, 144,5 мың тонна көлемінде картопты (СЭҚ ТН коды 070190) және 57,5 мың тонна көлемінде тұқымдық картопты (СЭҚ ТН коды 0701100000) әкетуге а.ж. 1 мамырына дейінгі мерзімге сандық шектеуді бір мезгілде енгізу бойынша шешім қабылданды", – деп жазылған Мемлекеттік кірістер комитеті таратқан хабарламада. 

ВАК шешімі негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің "Қазақстан Республикасы аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы" 2022 жылғы 18 ақпандағы №44 бұйрығы қабылданды.

"Бұл бұйрыққа сәйкес, кортопты сыртқа алып кетуге квота бекітілген", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу