Қарттар мен мүгедектер үйіне арнайы автобустың сертификаты берілді

1512

Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектер үйін 200-ден астам адам паналап отыр. Олардың 90-нан астамы мүгедек. 

Қарттар мен мүгедектер үйіне арнайы автобустың сертификаты берілді

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қарттар мен мүгедектер үйінің тұрғындарын жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Интернат үйіне автобустың сертификатын табыс етті, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Ақтөбедегі қарттар мен мүгедектер үйін 200-ден астам адам паналап отыр. Олардың 90-нан астамы мүгедек. Бүгін оларды облыс әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтап, ел ішінде атқарылып жатқан істер туралы айтып берді.

"Сіздер Қазақстанның мемлекет болуына, әрі қарай дамуына үлес қостыңыздар. Ең негізгі саясат халықтың жағдайын, тұрмысын жақсарту. Оның тағы бір дәлелі елбасының халыққа арнаған Жолдауы. Ал орталық берілген тапсырманы орындау мақсатында сіздер үшін қызмет етеді. Өмір болған соң түрлі жағдай болады. Бастысы  амандық, денсаулық. Бір шаңырақта бір отбасы секілді өмір сүру керек", –  деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Жаңажылдық кеште өңір басшысы мүгедектерді тасымалдауға арналған арнайы автобустың сертификатын берді. Автобус келер жылы бірінші тоқсанда сатып алынады. Сертификат бойынша 12 миллион теңге бюджеттен бөлінді. Ал қарттар мен мүгедектер үйіне жыл сайын 270 миллион теңге қарастырылып отыр.

"Орталықта 225 адам бар. Әркімнің тағдыры әртүрлі. Дегенмен жыл өткен сайын орталыққа келетіндер қатары азайып келе жатыр. Талап бойынша қамқоршысы, асыраушысы, яғни, баласы бар адамдар қабылданбайды. 2011-2012 жылға дейін келді, енді барлық жағдайы тексеріліп жатыр. Ең үлкен тұрғын –  94 жаста",–  дейді қарттар мен мүгедектер үйінің директоры Ермек Бесқалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу