Қарттар мен мүгедектерге смарт-білезіктер сатып алынады

1346

Қарттар мен мүгедектерге смарт-білезіктер сатып алынады

Астанада мүгедектер, қарттар мен созылмады дертке шалдыққан азаматтарға смарт-білезіктер сатып алу жоспарланып отыр. Бұл туралы Астанадағы медициналық қызмет көрсету салатын жаңғырту мәселесіне арналған жиналыста қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, деп хабарлайды  elorda.info. 

"Елордада мүгедектер, қарттар мен созылмады дертке шалдыққан азаматтарға қан қысымының жағдайын, қандағы қант мөлшері және т.б. анықтауға мүмкіндік беретін смарт-білезіктерді енгізу жоспарланып отыр. Тиісті нәтижелер учаскелік емханаларға жолданып және азаматтарға дәрігердің қабылдауына бару қажеттігі туралы ескертіп отырады", - дейді ол.

Бұған қоса, жиналыста медициналық ұйымдар интерьерлерінің бірыңғай стандартын жасау мен қызмет алуды оңтайландыру ұсыныстары талқыланды.

"Астана - адалдық алаңы" жобасының жетекшісі Жазира Жылқышиеваның айтуынша, жүргізілген талдау негізінде медициналық ұйымдар ғимараттарының ішкі орналасуы мен қызмет көрсетудің ескірген түрлерін қолдануға қатысты бірқатар ескертулер ескерілді. Сондай-ақ ол қызмет алушыларға арналған жайлы ортаны қалыптастыру мәселесін көтерді. 

"Мүгедектерге арналған көмек көрсету тетіктеріндің кейбірі жұмыс істемейтіні анықталды, киім ілгіштерде жүктеме бар, санитарлық бөлімдер қанағаттанарлықсыз жағдайда, сонымен бірге емханалардың басым бөлігінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалмаған", - деді Жылқышиева. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу